Жаңбыр жауып, көктайғақ болады: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

24.12.2021 13:09

Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі

ашық дереккөз

«Қазгидромет» 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар республика аумағының барлық бөлігіне ықпалын тигізеді, соған байланысты қар жауады. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде болады. Елдің тек батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу бұрқасын жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында желдің күші 23-28 м/с артады. 

Павлодар облысының батысында – бұрқасын мен көктайғақ, өңірдің солтүстігі мен батысында 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде – тұман, түнде солтүстігі мен орталығында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с екпінде жел күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, өңірдің батысы мен оңтүстігінде – тұман, түнде батысы мен орталығында 15-20 м/с екпінде жел болады. 

Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с екпінде жел тұрады. 

Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында – жаяу бұрқасын, тұман, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі. 

Түнде Атырау облысының оңтүстігін тұман басады. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде көктайғақ болжанады. 

Қостанай облысының оңтүстігінде – тұман, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында – жаяу бұрқасын, солтүстігінде 15-20 м/с екпінде күтіледі. 

Алматы облысының Алакөл маңында 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады. 

Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында тұман болады, таулы асуларында 15-20 м/с күшпен жел соғады.