Энергетикалық санаты – 10,0. MPV магнитудасы – 3,8. Тереңдігі – 5 км
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 10 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 04.39-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан 570 км шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10,0. MPV магнитудасы – 3,8. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.