Суық антициклон Қазақстан территориясына өз әсерін сақтайды – жауын-шашын жаумайды және ауа температурасы төмендейді
«Қазгидромет» 5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Суық антициклон Қазақстан территориясына өз әсерін сақтайды – жауын-шашын жаумайды және ауа температурасы төмендейді.
Тек оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында фронттардың әсерінен қар жауады, жаяу бұрқасын көтеріледі.
Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Түркістан облысының солтүстігі, батысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Солтүстігінде шаңды дауылмен бірге жел тұрады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Таулы аудандарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.
Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде түнде және таңертең тұман, Алакөл көлдері маңайында желдің күші - 17-22 м/с.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді, орталығында шаңды дауыл соғады.
Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с шамасында, шаңды дауыл тұрады.
Атырау облысының солтүстігінде, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең солтүстік-батысында тұман түседі.
Қостанай облысының батысында тұман, солтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.