Қар жауып, көктайғақ болады: 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

14.01.2022 13:11

Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі

СТАНИСЛАВ КРАСИЛЬНИКОВ/ТАСС

«Қазгидромет» 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, қар жауып, еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын, батысында, солтүстігінде тұман түседі. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігіде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау және таулы аудандарында тұман болады. 

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын ықтимал. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. 

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Қостанай облысының шығысында, түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.