Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, күндіз оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
Тек еліміздің орталығы мен шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында - көктайғақ, солтүстігінде - тұман, батысында және шығысында – желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде батысында, таулы аудандарында тұман түседі.
Таңертең және күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда жел екпіні 23 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, орталықта жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күннің екінші жартысында көктайғақ болады, бұрқасын соғады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығысында күндіз жел екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда көктайғақ болады.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында тұман түседі.