Республиканың солтүстігінде күн суытады
Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, қатты жел соғады, жаңбыр жауады, кейбір аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендеуі болжанады.
Әсіресе республиканың солтүстік аймағында температура төмендеуі мүмкін, түнгі уақытта 5-10, күндіз 10-18 градус жылы болады. Тек Қазақстанның батысында, жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын - шашын болмайды. Сондай-ақ күндіз ауа температурасы біртіндеп жылынып, 25-30 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады.
Оқи отырыңыз:Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, жел күшейеді