Республиканың басқа кей жерлерінде тұман, оңтүстік-батысында көктайғақ болады
«Қазгидромет» синоптиктері 27 қаңтар күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан территориясының батысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады - жауын-шашын жауады, еліміздің солтүстік-батысында жаяу бұрқасын көтеріліп, шығысында жел күшейеді.
Қазақстанның басқа аймақтары антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың басқа кей жерлерінде тұман, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады, облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау және таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі.