|
02.04.2021 | 08:15
2934

Алматы бойынша 2 сәуірдегі қар тазалау туралы ақпарат

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жалғасуда

Алматы бойынша 2 сәуірдегі қар тазалау туралы ақпарат пресс-служба акима Алматы

Алматыда таңғы сағат 7.00-ден бастап қар аралас жаңбыр жауып, 2 сәуір күні сағат 3.00-де аяқталды. Таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 20-30, ал қалаға 6-8 см қар түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілді. 1352 тонна арнайы материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жалғасуда.

Қаланың жоғарғы бөлігінен және жаяу жүргіншілер аймақтарынан қар шығарылуда. 2 сәуірде сағат 06.00-ге 1344 м3 қар шығарылды.

Қар тазалау жұмысына 503 техника бірлігі, оның ішінде 127 құмлақтырғыш пен 1080 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін Алматыда бұлтты ауа райы күтіледі, ауық-ауық жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), түнде тұман, 0-5 м/с жел тұрады.  Ауа температурасы күндіз 3-5, түнде 0-2 аяз.

3 сәуірде көшпелі бұлт шығады, оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 4-6 жылы, түнде 1-3 аяз.

4 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 2-7 м/с.  Ауа 10-12 градусқа дейін жылынады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Прямой эфир