Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі
«Қазгидромет» 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақтөбе облысында көктайғақ, бұрқасын соғады. Облыстың шығысында желдің күші секундына 5-20 метрге артады.
Қарағанды облысында, Батыс пен Оңтүстік Қазақстанда, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал.
Павлодар облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Облыста жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысында көктайғақ, бұрқасын соғып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін артады.
Қостанай облысында, Солтүстік Қазақстанда жел секундына 15-20 метр жылдамдықта соғады. Облыс аумағында тұман түсуі ықтимал.
Маңғыстау облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге артады.
Атырау, Қызылорда облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетсе, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарынада жел екпіні секундына 15-23 метрге артады.