Қар аралас жаңбыр жауады: 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

24.kz
24.kz
Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Баренц теңізі аудандарынан белсенді циклон бұрынғысынша жаңбыр мен қар түрінде мол жауын – шашын әкеліп, ҚР басым бөлігінің ауа райына, Қазақстанның оңтүстігінің таулы аудандарында қатты жауын-шашын әкеледі. Сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады, түнде желдің күшеюі басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с болады. 

Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 18-23 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың солтүстігі мен батысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде тұман күтіледі. 

Түнде басым бөлігінде, күндіз Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. 

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, түнде облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын болады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Түнде Павлодар облысының шығысында және орталығында күн жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с, түнде солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. 

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м / с жел тұрады. 

Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Жамбыл облысының басым бөлігінде көктайғақ, солтүстікте және таулы аудандарда тұман, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Новости партнеров