Алматыдан 623 шақырым қашықтықта жер сілкінді

21.10.2021 13:21

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2

inform.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 06:12-де жер дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды  Almaty.tv

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 623 шақырым қашықта Қытай аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2, магнитудасы – 3.9. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған. Қала тұрғындары жер сілкінісін сезбеген.