Алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындалатын болады, осыған байланысты өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
1 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, ал Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Күндізгі ауа температурасы солтүстікте 25-30 жылыға дейін, орталықта 30-35 жылыға дейін, оңтүстікте 33-38 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 28-33 жылыға дейін біртіндеп жоғарылауы күтілуде, республиканың шығысында термометрдің бағандары 17-25 жылыға дейін жоғарылайды, ал еліміздің батысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, күндіз 25-30 жылыға дейін, оңтүстік-батыста 33-38 жылыға дейін жетеді.