Жаңбыр жауып, дауыл тұрады: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Алдағы тәулікте Қазақстан территориясына антициклон ықпалын тигізеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидромет 19 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдағы тәулікте Қазақстан территориясына антициклон ықпалын тигізеді. ҚР басым бөлігінде жаңбыр, солтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, батыс, солтүстік пен орталықта түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының басым бөлігінде желдің 15-20, күндіз екпіні 23-28, солтүстік-шығыста кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күшеюі, солтүстігі, батысы мен шығысында бұршақ, дауыл соғады.

Қарағанды облысында желдің түнде солтүстігі мен батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28, солтүстігінде 30 м/с және одан аса күшеюі, түнде солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының тауларында дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде бұршақ, дауыл, күндіз солтүстігі, солтүстік-шығысында желдің 15-20 күшеюі күтіледі. Павлодар облысының басым бөлігінде күндіз желдің 15-20, батысында екпіні 23 м/с күшеюі, түнде батысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында бұршақ, желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, дауыл, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында өрт қауіпі жоғарлайды.

Новости партнеров