Жазда жолаушы тасымалдайтын 158 пойыз іске қосылады

Facebook / Қазақстан темір жолы
Facebook / Қазақстан темір жолы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаз маусымындағы жолаушылар пойызының қозғалысы туралы ақпарат жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаз кезінде жолаушы тасымалдау үшін 158 пойызды іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

ИИДМ мәліметінше, жолаушыларды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның 107 пойызы, сондай-ақ 12 жеке компанияның 30 пойызы тасымалдайды.

Сонымен қатар Алакөл бағытында 11 бағдар қарастырылып отыр.

Нұр-Сұлтаннан:

- 54/53 Нұр-Сұлтан (Нұрлы Жол) – Достық, тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ (аптасына 2 рет);

- 258/257 Нұр-Сұлтан-1 – Достық, тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ (аптасына 2 рет);
- 121/122 Нұр-Сұлтан – Семей және 6941/6942 Ақтоғай - Достық пойыздар құрамасындағы тікелей вагондар, тасымалдаушы "АрайТрансKZ" ЖШС (бір күн аралықпен).

Алматыдан:

- 221/222 Алматы-2 – Достық, тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ (аптасына 3 рет);

- 137/138 Алматы-2 – Достық, тасымалдаушы "Vagon Service Almaty" ЖШС (аптасына 3 рет);

- 21/22 Қызылорда – Семей және 6941/6942 Ақтоғай – Достық пойыздар құрамасындағы тікелей вагондар, тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ (бір күн аралықпен);

Сонымен қатар "Тальго" вагондарымен 2 бағдар ұйымдастыру жоспарланған:

- 211/212 Алматы-2 – Достық, жиілігі – күнара;

- 453/454 Алматы-2 – Достық, жиілігі - аптасына 3 рет.

Шығыс Қазақстан облысынан:

- 459/460 Өскемен – Достық, тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ (бір күн аралықпен);

- 6941/6942 Ақтоғай – Достық, тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ (күн сайынғы айналыммен).

Абай облысынан:

- 457/458 Семей – Достық, тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ (бір күн аралықпен).

Көрші елдерден мемлекетаралық пойыздар жүреді

Министрліктің хабарлауынша, жазғы маусым кезінде көрші елдерден қатынайтын мемлекетаралық 21 пойызды іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстаннан Атырау – Астрахань, Алматы – Ташкент, Нүкіс – Бейнеу бағыттары бойынша пойыздар жүріп жатыр. 2022 жылдың маусым айынан бастап Қарағанды – Самара, Қарағанды – Омбы, Алматы-2 – Қазан бағытында пойыздар жүреді.

Дисконт картасы бойынша жеңілдіктер

Жолаушылар дисконт картасын пайдалана отырып, жол жүру құжаттарын (билеттерін) жеңілдікпен рәсімдей алады:

"Саяхатшы" дисконт картасы – "Тальго" пойызымен жиі жүретін жолаушыларға арналған жеңілдік картасы. Жеңілдік мөлшері "Тұлпар-Тальго" жолаушылар пойыздарындағы соңғы 12 ай ішіндегі сапарлардың жалпы құнына байланысты болады:

100 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері – 10%;

150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері – 15%;

200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік мөлшері – 20%.

Жеңілдік тек "Тұлпар-Тальго" пойыздарына ғана жарамды. Карта тегін беріледі және екі жылға жарамды.

"Алтын" дисконт картасы "Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық пойызының жолаушыларына арналған. Картаны Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады.

Жеңілдік көлемі – 25%. Жеңілдік басқа жеңілдіктегі тарифтермен жинақталмайды. Картаны 15 жастан асқан Қазақстан азаматтары үшін рәсімдеуге болады.

Картаны 19 999 теңгеге "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Жарамдылық мерзімі – 1 жыл.

"Жастар" дисконт картасы 16 жастан 25 жасқа дейінгі жолаушыларға арналған. Бұл карта "Тальго" коммерциялық пойыздарына теміржол билеттерін 25% жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді. Жеңілдік "Турист" (2Д) және "Отыратын орындар" (2С) санатындағы вагондарға қолданылады. Картаны 3 мың теңгеге "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап 1 жыл. Карта тек Қазақстан азаматтары үшін рәсімделеді.

Дисконт картасы мына бағыттарға қолданылады:

51/52 Алматы-2 – Орал

105/106 Алматы – Петропавл

712/711 Нұр-Сұлтан - Шымкент
29/30 Алматы-2 – Атырау
69/70 Алматы-2 – Өскемен

111/11 Алматы-2 – Маңғыстау

Новости партнеров