Жаңбыр жауып, жел тұрады: 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

27.04.2022 13:27

Республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

ru.slovoidilo.ua

Қазгидромет 27 cәуірге арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, жауады.

ҚР бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстік-батысында шаңды дауыл, оңтүстік өңірлерде найзағай, дауыл соғады.

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, таулы аудандарда желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, орталығында, Алматы облысының шығысында желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.