Еліміздің кей өңірінде құрғақшылық болады

26.06.2023 13:27

Ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық күтіледі

bangkokbook.ru

Алдын ала ұсынылатын болжамға сәйкес шілдеде Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық күтіледі, сонымен бірге ылғал тапшылығы бар аймақтардың ауданы ұлғаяды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бірқалыпты құрғақшылық:

Ақмола облысының Жарқайың ауданында,

Қостанай облысының Амангелді ауданында,

Ақтөбе облысының Әйтекеби, Ырғыз және Хромтау аудандарында,

Ұлытау облысының Ұлытау ауданында,

Атырау облысының Қызылқоға ауданында,

Қызылорда облысының Шиелі ауданында.

Қатты құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Жангелді ауданында орын алуы мүмкін.