|
03.04.2023 | 08:27
8321

Қарлы жаңбыр, аптап ыстық пен суық: қазақстандықтарды сәуірде қандай ауа райы күтіп тұр

Оңтүстік аймақтарда түнгі сағатта 1-6°С-қа дейін үсік күтіледі

Қарлы жаңбыр, аптап ыстық пен суық: қазақстандықтарды сәуірде қандай ауа райы күтіп тұр ᐯ 乇 ᗪ 卂 ㄒ (@erdagivedat) Твиттер twitter.com

Сәуірде күннің ұзақтығы артады, одан әрі күн жылынады. Қазақстанның солтүстігінде сәуір айының бірінші онкүндігінде орташа тәуліктік ауа температурасының 0°, ал еліміздің оңтүстігінде +10°С тұрақты оң мәндерге ауысуы байқалады. Сәуір айында аумақтың көп бөлігінде қар ериді, деп хабарлайды Almaty.tv

Бір ай ішінде республика аумағында барикалық түзілімдердің ауысуына байланысты жылы, ашық күндер де, салқын, бұлтты күндер де болады. Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан циклондардың шығуымен жекелеген күндері жаңбыр, екпінді жел, ҚР оңтүстігінде найзағай, шаңды дауылмен ауа-райының тұрақсыз сипаты байқалатын болады.

Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында еліміздің батысында және оңтүстік жартысында (оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр ылғалды қарға ауысуы мүмкін), онкүндіктің ортасында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжануда. Оңтүстік аймақтарда түнгі сағатта 1-6°С-қа дейін үсік күтіледі.

Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтілуде:

ҚР батысында түнде 0,+10°С-тан +7+17°С-қа дейін, күндіз +7+15°С-тан +17+28°С-қа дейін;

еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -6+5°С-тан +5+12°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-тан +20+28°С-қа дейін;

еліміздің шығысында түнде -7-20°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +8+13°С-қа дейін.

Республиканың солтүстігінде, орталығында барикалық түзілімдердің жиі өзгеруімен ауа температурасының ауытқуы болжанады:

түнде -5-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан +10+18°С-қа дейін.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының енуімен температуралық фон жоғарылауы мүмкін:

еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+13°С, күндіз +15+25°С-қа дейін;

оңтүстік өңірлерде және ҚР батысында түнде +10+17°С, күндіз +25 +35°С-қа дейін.

Алайда, суық ауа райының қайтарылуы жоққа шығарылмайды. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында Ресей аумағынан суық ауа массаларының енуі кезінде термометрлердің бағандары түнде -2-7°С-қа дейін, күндіз +6+13°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде және еліміздің батысында ауа температурасының түнде -2+7°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир