Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік жартысында күн құбылмалы болады
Қазгидромет 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік жартысында күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста түнде тұман түсі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және орталығында күн жауын-шашынсыз болады.
Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облыстарының оңтүстік жартысында Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты болады.