Үсік жүреді: 2 маусымға арналған ауа райы болжамы

02.06.2022 13:28

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында циклонның әсерінен жаңбыр мен найзағай, бұршақ, дауыл сақталады

kpoxainfo.ru

«Қазгидромет» 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv

Қазақстан территориясының басым бөлігіне Солтүстік антициклоны әсер ете бастайды. Осының салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Тек Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында циклонның әсерінен жаңбыр мен найзағай, бұршақ, дауыл сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік аудандарда түнде және таңертең – тұман, батыста, солтүстік-батыста топырақ бетінде үсік жүреді.

Ақмола облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, дауыл, оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының батысы, таулы аудандарында дауыл тұрады. Желдің күші 23 м/с асады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы, Қызылорда облысының солтүстігі, орталығы, күндіз Қарағанды облысының солтүстік-шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде солтүстігі мен батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Павлодар облысының оңтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с, түнде шығыста тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында - бұршақ, дауыл, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында желдің күші 25 м/с асады.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, күндіз солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.