Өңірдегі қатты жел, көктайғақтың салдарынан жол қозғалысында кедергілер туындады
Жамбыл облысында күн райының қолайсыздығына байланысты Қордай ауданында Алматы-Ташкент-Термез тасжолының бойында 300-ге жуық көлік тоқтап тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірдегі қатты жел, көктайғақтың салдарынан жол қозғалысында кедергілер туындады. Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тасжолдың бойына жиналып қалған көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік колонналарын екі бағыт бойынша да ілесіп сүйемелдеп алып жүруді ұйымдастырды.