Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

04.03.2024 12:30

Антициклон жотасы еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында құрғақ, желсіз ауа райының қалыптасуына ықпал етеді

elements.envato.com

«Қазгидромет» РМК-сы 4 наурызға арналған күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, антициклон жотасы еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында құрғақ, желсіз ауа райының қалыптасуына ықпал етеді.

Қазақстаның қалған территориясында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне қарай қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар жауады, бұрқасындатып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста көктайғақ болуы ықтимал. ҚР бойынша тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 4 -10 наурыз аралығында ауа райы қандай болады