Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 техника және 347 жолшы жұмылдырылған
14 ақпанда сағат 06:00-де қолайсыз ауа райына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақмола облысында — 15 учаске;
Ақтөбе облысында — 4 учаске;
Шығыс Қазақстан облысында — 1 учаске;
Жамбыл облысында — 1 учаске;
Жетісу облысында — 1 учаске;
Қарағанды облысында — 3 учаске;
Қостанай облысында — 6 учаске;
Қызылорда облысында — 3 учаске;
Павлодар облысында — 1 учаске;
Солтүстік Қазақстан облысында — 9 учаске;
Түркістан облысында — 2 учаске.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 техника және 347 жолшы жұмылдырылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда 12-18 ақпан аралығында ауа райы қандай болады