Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады
Қазгидромет 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Солтүстік-батыс циклонының жырасы ҚР территориясының басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр, желдің күшеюін, солтүстік-батыста бұршақ, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл алып келетін болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау облысының басым бөлігінде, Алматы, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Қызылорда, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ұлытау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.