Бұрқасын, тұман, көктайғақ:18 қаңтарда ауа райы қандай болады

18.01.2024 13:34

Қазақстанның кей өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысы

18 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 18 қаңтарда күндіз тұман күтіледі.

Атырау облысы

№ 12 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 17 қаңтарынан 2024 ж. 17 қаңтар 20 сағ. 18 қаңтар 20 сағ. аралығы.

Түркістан облысы

18 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 18 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі. Түркістан қ.: 18 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

Абай облысы

17 қаңтардың сағат 21.00-ден 18 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

17 қаңтардың сағат 21.00-ден 18 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Маңғыстау облысы

18 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 18 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

18 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

18 қаңтарда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысы

2024 жылдың 17-18 қаңтар аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Жамбыл облысы

17-19 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 17 қаңтарда түнде, 19 қаңтарда күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 17 қаңтарда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, 19 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 17-19 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 17-19 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. 19 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 15-21 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы