Алматыдан 332 шақырым жерде жер сілкінді

01.04.2022 13:45

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.9.

ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 1 сәуір күні Алматы уақыты бойынша 6 сағат 00 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 332 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.9. MPV магнитудасы 4.9. Тереңдігі 15 км.

Жер сілкінісінің сезілуі бойынша ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.