Қазақстанның бірқатар өңірінде 17 сәуірде ауа райы өзгереді, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Алматы облысы
17 сәуірде Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта 24-29 м/с. Алматы қ: 17 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қ: 17 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысы
17 сәуірде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жезқазған қ.: 17 сәуірде түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі.
Қызылорда облысы
17 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда қ.: 17 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.
Қарағанды облысы
17 сәуірде түнде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
Қарағанды қ.: 17 сәуірде кей уақытта көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысы
17 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Абай облысы
17 сәуірде Абай облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Семей қ.: 17 сәуірде оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы
17 сәуірде таңертен және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қ.: 17 сәуірде күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Өскемен қ.: 17 сәуірде оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 17-22 м/с.
Ақтөбе облысы
17 сәуірде түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
17 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Қостанай облысы
17 сәуірде түнде Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай қ: 17 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
17 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Петропавл қ.: 17 сәуірде солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Ақмола облысы
17 сәуірде Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 17 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астана
Астана қ.: 17 сәуірде түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 17-23 сәуір аралығындағы ауа райы болжамы