Көктайғақ, тұман: 14 өңірде ескерту жарияланды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК 31 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік- батыстан жел соғады, солтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің батысында, орталығында күші 15-20 м/с жетеді.

Астана қаласында кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік шығысында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 23 м/с күшеюі ықтимал.

Абай облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында күші 23 м/с артады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Новости партнеров