Елімізде күн суытады

klops.ru
klops.ru
Дауылды ескерту жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның бірқатар облысында 18 сәуірде ауа райының нашарлауы жалғасады, жаңбыр, қар жауады, көктайғақ, тұман күтіледі, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысы

18 сәуірде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Көкшетау қ.: 18 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

18 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1-6 градус үсік күтіледі. Орал қ.: 18 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысы

18 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік күтіледі. 

Қызылорда қ.: 18 сәуірде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы облысы, Жетісу облысы

18 сәуірде Алматы облысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), таулы аудандарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, тау етегіндегі аудандарда 3 градус үсік. Күндіз ауа температурасы 3-8 жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 1-6 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Алматы қ.: 18 сәуірде түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түннің бірінші жартысында екпіні 15 м/с. Түнде 1-3 градус үсік, күндіз 6-8 жылы күтіледі.

18 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 17-22 м/с, Алакөл көлі аудандарында кей уақытта 30 м/с және одан да аса күтіледі. Түнде солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 3 градус үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы 4-9 жылы, облыстың таулы аудандарында 1 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Талдықорған қ.: 18 сәуірде түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-2 жылыға дейін, күндіз 6-8 жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Қостанай облысы

18 сәуірде түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай қ: 18 сәуірде батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

18 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1-6 градус үсік күтіледі. 

Тараз қ.: 18 сәуірде кей уақытта тұман күтіледі.

Астана

18 сәуірде күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын болады. Жолдарда көктайғақ. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

18 сәуірде күндіз Павлодар облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 18 сәуірде күндіз жаяу борасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысы

18 сәуірде Алматы облысында жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады), таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарда кей уақытта 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, тау етегіндегі аудандарда 3 градус үсік. 

2023 жылдың 18-21 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жауын-шашын түсуінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Алматы қ: 18 сәуірде түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түннің бірінші жартысында екпіні 15 м/с. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Қонаев қ: 18 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Қарағанды облысы

18 сәуірде түнде Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

18 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығсында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 18 сәуірде жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

18 сәуірде түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. 

Семей қ.: 18 сәуірде жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

18 сәуірде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.

Петропавл қ.: 18 сәуірде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Новости партнеров