Алматыдан 446 шақырым жерде жер сілкінді

15.03.2022 13:55

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.3.

inform.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 15 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 05 сағат 50 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 446 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.3. MPV магнитудасы 4,5.

Тереңдігі 5 км. Жер сілкінісінің сезілуі бойынша ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.