Республиканың солтүстігі, шығысы мен орталығында қалың қар жауады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. "Қазгидромет" болжамынша, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО-ның солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, бұрқасын соғады. Шығыс Қазақстан облысындағы жел екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Бүгін антициклонға байланысты еліміздің батысы мен солтүстігінде күн райы ашық болады.
Алматы облысының солтүстік-шығысында, Түркістан облысының солтүстігі мен батысында, түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, солтүстігінде мен оңтүстігінде және Ақтөбе облысының орталығында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарында жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Республиканың солтүстігі, шығысы мен орталығында қалың қар жауады.
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Павлодар облысында көктайғақ болып, БҚО-ның солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.