Найзағай, жаңбыр және жел: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2024 13:56

Республиканың кейбір өңірлерінде жоғары өрт қаупі сақталады

elements.envato.com

Ұлытау облысы

02 мамырда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 02 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Жезқазған қ.: 02 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

02 мамырда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік жүреді. 02 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 02 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

02 мамырда Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қ.: 02 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Астана

Астана қ.: 02 мамырда батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысы

02 мамырда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 02 мамырда күндіз найзағай ойнайды.

Павлодар облысы

02 мамырда Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ: 02 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысы

02 мамырда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысы

02 мамырда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

02 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. 02 мамырда облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысы

02 мамырда күндіз Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 02 мамырда түнде 1-3 градус үсік жүреді. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы

02 мамырда Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысы

02 мамыр түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Орал қ.: 02 мамыр түнде найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысы

02 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың онтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, онтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 02 мамырда түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысы

02-03 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысы

02 мамырда түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с жетеді. Алматы қ.: 02 мамырда түнде кей уақытта найзағай күтіледі, найзағай кезінде екпінді жел 18-23 м/с. Қонаев қ.: 02 мамырда түнде кей уақытта найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с жетеді.

Жетісу облысы

2024 жылғы аралығында 1-2 мамыр қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

2024 жылдың 01 мен 02 мамыр аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Ескертпе: cонымен қатар автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстарда судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 29 сәуір мен 5 мамыр аралығындағы ауа райы болжамы