Алматыда 4-10 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады

04.12.2023 20:40

Синоптиктердің бір аптаға болжамы жарияланды

фото Victor Glutsenko

Күнтізбе бойынша күз маусымы аяқталып, қыстың алғашқы айы басталды. "Қазгидромет" РМК биыл қыстың қаншалықты ызғарлы болатынына болжам жасады.

Синоптиктер хабарлағандай, желтоқсанда күн жылы болады. Шаңғы мен конькиін дайындай бастаған кей тұрғындар қалың қар мен сықырлаған аязды күтіп жүр.

Алдағы аптада мегаполис тұрғындары үшін ауа райы қандай тосынсый дайындағанын синоптиктерден білеміз.

Дүйсенбі, 4 желтоқсанда жаңбыр жауады, күндіз +6, түнде +3;

Сейсенбі, 5 желтоқсанда көшпелі бұлтты, күндіз +6, түнде +5;

Сәрсенбі, 6 желтоқсанда ала бұлтты, күндіз +10, түнде +6;

Бейсенбі, 7 желтоқсанда ала бұлтты, күндіз +5, түнде +1;

Жұма, 8 желтоқсанда жаңбыр, күндіз +5, түнде +3

Сенбі, 9 желтоқсанда қар жауады, күндіз - 0, түнде -1;

Жексенбі, 10 желтоқсанда жауын-шашын, күндіз +2, түнде + 0;

world-weather.ru сайтының мәліметі бойынша.

Оқи отырыңыз: Алматыда 27 қарашадан 3 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады