|
13.05.2022 | 09:01
1076

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша дауыл, желдің күшейюі, батыста – шаңды дауылмен күтіледі

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы scientificrussia.ru

Қазгидромет 13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігіне Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер ететін болады, жаңбыр, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ күтіледі. Республика бойынша дауыл, желдің күшейюі, батыста – шаңды дауылмен күтіледі.

Түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде үсік, батысында желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының батысы, оңтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында бұршақ, дауыл, желдің 17-22 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының шығысы, солтүстік-шығысында бұршақ, дауыл, күндіз солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде желдің 15-20, батысында екпіні 23 м/с күшеюі шаңды дауылмен күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі, шаңды дауыл күтіледі. Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде бұршақ, дауыл, желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстігінде, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде дауыл, солтүстігі мен орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында бұршақ, дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир