Алматы қаласы бойынша 15-21 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы

16.01.2024 18:00

Алдағы бір аптада ауа райы қандай болады

фото Victor Glutsenko

Биыл мегаполистегі қыс ерекше. Олай дейтініміз, маусымға тән аяз бен қар жоқ. Керісінше, қаңтарда жаңбыр жауып, ауа температурасы нөлден жоғары болды. Табиғаттың мұндай құбылысы көпшілікті шынымен де таңқалдырып отыр. Дегенмен нағыз қысты тауға шығып сезінуге де болады. 

Синоптиктер алматылықтар үшін бір аптаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Дүйсенбі, 15 қаңтар  күн алабұлтты, күндіз - 2, түнде - 5;

Сейсенбі, 16 қаңтар   алабұлтты, күндіз - 2, түнде - 5;

Сәрсенбі, 17 қаңтар   күн ашық, күндіз - 4, түнде - 8;

Бейсенбі, 18 қаңтар   күн құбылмалы - 2, түнде - 5;

Жұма, 19 қаңтар  күн ашық, күндіз +1, түнде - 3;

Сенбі, 20 қаңтар   күн ашық, күндіз - 4, түнде - 8;

Жексенбі, 21 қаңтар күн ашық, күндіз -1, түнде -2;

world-weather.ru сайтының мәліметі бойынша.

Оқи отырыңыз: Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн режимге көшірілді