Алматы облысында 2-3 балдық жер сілкінісі болды

17.09.2021 14:05

Саты ауылының тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезінді

kaz.tengrinews.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 17 қыркүйек күні 04:07-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 133 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Магнитудасы: 3,9. Тереңдігі: 15 км. Жер сілкінісінің 2-3 балдық дүмпуі Алматы облысы Саты ауылында сезілген», – делінген кезекші оператордың хабарламасында.


Дереккөзі: baq.kz