Қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады: 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

kaspyinfo.ru
kaspyinfo.ru
Бұл күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ҚР-ның басым бөлігінде қар жауады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ҚР-ның басым бөлігінде қар жауады. Еліміздің батысында, оңтүстік бөлігінде жауын-шашын болады, таңертең және күндіз таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады, тұман болады. Елдің оңтүстігінде, батысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын соғады, батысында, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі. 

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады, Алакөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Атырау облысының солтүстік-батыста тұман, көктайғақ, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. 

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында желдің күшеюі 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман, таулы аудандарында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі.

Новости партнеров