Бейсенбі күні елімізде қар жауып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
4 ақпанда Атлант циклоны Қазақстан аумағымен жылжиды. Қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады, жел күшейеді, сонымен қатар ауа температурасы жоғарлайды. Ал республиканың оңтүстік бөлігі жоғары қысым аумағында орналасқандықтан, күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, желдың жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.