Жауын, жел, бұршақ: 24 маусымға арналған ауа райы болжамы

Жауын, жел, бұршақ: 24 маусымға арналған ауа райы болжамы
Алматы, Қызылорда облыстарында аптап ыстық болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидромет 24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстікте тұман түседі, тек Қазақстаның батысын мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайды, күн ашық.  

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с күшейеді. Тұман түсіп, күн күркірейді. Бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысында дауыл тұрады.

Павлодар облысының бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Түркістан облыстарының басым бөлігінде жел екпіні - 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында найзағай жарқылдайды.

Күндіз Ақтөбе облысында күн қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы, Қызылорда облыстарында аптап ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.      

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.     

Новости партнеров