СҚО-да Сілеті өзенінің сағасында жарылыс жұмыстары жүргізілді

11.03.2023 14:13

Жару жұмыстарының жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрады

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Көктемгі су тасқыны оқиғаларының қолайсыз дамуының алдын алуға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 9 наурызда Сілеті өзенінің сағасында жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жару жұмыстарын "Көкше-БУР" ЖШС мамандары Құлыкөл ауылының маңындағы өзеннің 4 учаскесінде жүргізді. Жару жұмыстарының жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрады.

Уәлиханов ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Рахымжанов, Уәлиханов ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысы Амангелді Қойшыбаев, Құлыкөл ауылдық округінің әкімі Тұрлыбек Муталипов осындай жауапты іс-шараның тиісті деңгейде өткізілуін бақылауды жүзеге асырды. Полиция лейтенанты Нұрлан Қапенов Құлыкөл ауылдық округінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Мұз жамылғысын әлсірету жөніндегі іс-шаралар көктемгі сең жүру кезеңінде кептеліс құбылыстарының алдын алу және тасқын суларды апатсыз өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ Құлыкөл ауылдық округінің елдімекендерін 2023 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде су басудан қорғау мақсатында жүргізілді. Мұзды ұсақтау мұз өрісін едәуір әлсіретуге және тасқын суларды өткізу кезеңінде өзенде кептелістердің пайда болуын азайтуға, осылайша судың көтерілу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

ТЖ бөлімінің қызметкерлері Құлыкөл ауылдық округінің тұрғындарына жарылыс толқынынан мұзда жарықтар пайда болатынын және мұзға шығу үлкен қауіп төндіретінін ескертеді.