Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды

04.04.2023 14:14

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда

sputnik-ossetia.ru

Алматыдан Қытайға қарай 286 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 сәуірде сағат 7:26-да жер сілкінісін тіркеген.


  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0.
  • MPV магнитудасы - 4,3.
  • Эпицентр координаттары - 40,65° солтүстікке қарай, 77,33° шығысқа қарай.
  • Тереңдігі - 5 км.
  • Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.


Еске алайық, 2 сәуірде Алматы тұрғындары 2 балдық жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде Қазақстан аумағында болды.