Алматыға жақын маңда бір сағатта үш рет жер сілкінді

08.11.2023 14:15

Соңғы екі зілзала Қазақстан аумағында сезілген жоқ

Фото: normhaber.com

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 8 қарашада араға бірнеше минут салып бірден үш рет жер сілкінгенін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін 00:09 кезінде Алматы мен қала маңында 2 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. 

Табиғат апаты Қытайда болса да, оның күші Алматы қаласында, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілді.

Содан кейін Алматы уақытымен 00:15 және 00:52 кезінде тағы екі мәрте зілзала болды.

Алғашқысының ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 313 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 11.6. MPV магнитудасы — 5.2. Тереңдігі — 15 шақырым.

Ең соңғы сілкіністің ошағы да Алматыдан оңтүстікке қарай 311 шақырым жерде Қытайда орналасқан.

Энергетикалық санаты — 11.6. MPV магнитудасы — 5.3. Тереңдігі — 15 шақырым.

Соңғы екі зілзала Қазақстан аумағында сезілген жоқ.