MPV магнитудасы 5,3 болды
Қазақстанның Қытаймен шекарасында магнитудасы 5,4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 мамырда Астана уақытымен таңғы сағат 03:56-да жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 303 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12,2 және MPV магнитудасы 5,3 болды. Жер сілкінісі ошағының тереңдігі - 15 шақырым.