Қар, тұман, көктайғақ: 10 қарашаға арналған ауа райы болжамы

10.11.2022 14:17

ҚР-ның басым бөлгінде тұман түседі

ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аудандарында ауа райы құбылмалы болады, қар жауады.

ҚР-ның басым бөлгінде тұман түсіп, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, солтүстігінде, шығысында, орталығында жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.