Алматылық автокөлік иелеріне жазғы дөңгелегін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес берілді

30.10.2023 14:25

Жаяу жүргіншілер де мұз қабығының пайда болуына байланысты тротуарларда жүргенде абай болу керек

Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні Алматыда жауын-шашын соңы сілбі қарға ауысады деп болжанады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді, көктайғақ болады.

Осыған байланысты көлік иелеріне жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру ұсынылады.

"Коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел және сапалы жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік иелерінен мүмкіндігінше қала бойынша қозғалысты шектеуді сұраймыз", - деді басқарма өкілдері.

Жолдардың жүріс бөлігінде мұз қабаты пайда болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтап, апаттар қаупінің жоғарылауын ескере отырып, кенеттен маневр жасаудан аулақ болуы керек. Жаяу жүргіншілер де мұз қабығының пайда болуына байланысты тротуарларда жүргенде абай болуы керек.

Коммуналдық даму басқармасы көктайғаққа қарсы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының инфрақұрылымына 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника және 1 240 жол жұмысшысы тартылды. Көктайғаққа қарсы 76 тонна материал дайындалды.

2023 жылы техниканы жаңарту және еңбекті механикаландыру мақсатында 101 бірлік техника сатып алынды. Барлық техника әмбебап және қыста да, жазда да қолданылады.