Синоптиктер бір аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынады
Жадыраған жаздың алғашқы айы да ортасына жетті. Биылғы маусымның өз ерекшеліктеріне қарамастан, алматылықтар жазғы демалыстарын барынша қызықты етіп өткізуге қамданып жатыр. Дегенмен, алдағы аптада ауа райының қандай болатынын біле жүрген артық болмас. Синоптиктер болжамына назар аударайық.
Дүйсенбі, 15 маусым, көшпелі бұлт, күндіз +30, түнде +23;
Сейсенбі, 16 маусым, ала бұлтты, күндіз +32, түнде +24;
Сәрсенбі, 17 маусым, ала бұлтты, күндіз +29, түнде +20;
Бейсенбі, 18 маусым, ала бұлтты, күндіз +23, түнде +20;
Жұма, 19 маусым, ала бұлтты, күндіз +26, түнде +20;
Сенбі, 20 маусым, ала бұлтты, күндіз +26, түнде +20;
Жексенбі, 21 маусым, ала бұлтты, күндіз +24, түнде +19.
Деректер world-weather.ru сайтынан алынды.