104 жұмысшы жұмылдырылды
22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні қатты жауын-шашын тіркелді: қалада жаңбыр, тауда қар жауды, Шымбұлақта 20 см-ге қар түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала бойынша барлығы 52 бірлік техника, 27 мотопомп, 2390 дана ыдыс-қап және 104 жұмысшы жұмылдырылды.
Алайда проблемалық учаскелерде әсіресе, Райымбек батыр көшесінен төмен аудандарда арықтардың суға толып кету фактісі болды. Әрбір факт ескеріліп, суды бұру сияқты жедел шаралар қабылданды.