Қазақстанда 7-8 наурыз аралығында ауа райының күрт нашарлауы күтілуде

07.03.2023 в 14:27

Көптеген аймақтарда дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның басым бөлігінде 7-8 наурызда синоптиктер ауа райының күрт нашарлауын болжайды: жауын-шашын, қарлы боран, көктайғақ, желдің күшеюі. Дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атырау облысы

7 наурызда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады , күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Қарағанды қ.: 7 наурызда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан жел ауысады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы, Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Түркістан облысы

7 наурызда Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. 8 наурызда жауын-шашын, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 7-8 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз 7 наурызда облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с, 08 наурызда 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың орталығында кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі. 7-8 күндіз наурызда ауа температурасы 3-8 градус жылы, 7 наурызда облыстың оңтүстігінде 11 градус жылы.

7 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ. 7 наурызда облыстың оңтүстік-шығысында тұман. 8 наурызда облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, 7 наурызда түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 7-түнде 8 наурызда 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса, күндіз 8 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. 7 наурызда күндіз ауа температурасы 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы.

8 наурызда Түркістан облысында жаңбыр, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 8 наурызда күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 7 наурызда түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, облыстың таулы асуларында 30 м/с және одан да аса, 8 наурызда түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таулы асуларында кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.

7 наурызда күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 8 наурызда түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. 7 наурызда облыстың батысында, солтүстігінде, 8 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. 7 наурызда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, 8 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. 7 наурызда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 7 наурызда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, 8 наурызда 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.

8 наурызда Павлодар облысында түнде жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.

8 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.

Ақмола облысы

Көкшетау қ.: 7 наурызда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күші күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Астана

Астана қ.: 7 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.

Маңғыстау облысы

Түнде 07 наурызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтау қ.: 7 наурызда жел солтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

7 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Орал қ.: 7 наурызда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысы

7 наурызда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс желі, екпіні 15-20 м/с. 

Қонаев қ.: 7 наурызда оңтүстік-шығыс желі, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

Күндіз 8 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 7-8 наурызда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз 8 наурызда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, таңертең және күндіз 7-8 наурызда екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Тараз қ.: күндіз 8 наурызда найзағай күтіледі. 7-8 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, таңертең және күндіз кей уақытта 25 м/с күтіледі.

Ұлытау облысы

7 наурызда Ұлытау облысының кей уақытта жауын-шашын, күндіз солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан жел ауысады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Жезқазған қ.: 7 наурызда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан жел ауысады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

7 наурызда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында екпіні 25 м/с күтіледі. 

Қызылорда қ.: 7 наурызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

7 наурызда түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында қатты жауын-шашышн (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайқақ күтіледі. Күндіз облыстың шығысында жаяу бұрқасын болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады күші, облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе қ.: 7 наурызда түнде көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады күші, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

7 наурызда күндіз Павлодар облысында жауын-шашын, батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, кар), облысының батысында, оңтүстінде, орталығында көктайғақ, облысының солтүстінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облысының солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. 

Павлодар қ.: 7 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, кар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

7 наурызда Қостанай облысының басым бөлігінде қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында қатты қар. Облыстың солтүстік жартысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с. 

Қостанай қ: 7 наурызда таңертең және күндіз қар, кей жерлерде қатты қар, жаяу бұрқасын. Түнде тұман. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

7 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Петропавл қ.: 7 наурызда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

7 наурызда Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с. Семей қ.: күндіз 7 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

Алматы облысы, Жетісу облысы

2023 жылдың 6 мен 8 наурыз аралығында Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қ. маңындағы аймақтарда жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 6-12 наурыз аралығындағы ауа райы болжамы