Жер сілкінісі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде болды

23.02.2023 в 14:27

Құрбандар мен қираған үйлер туралы ақпарат жоқ

ҚР Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 8 сағат 01 минут 28 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.

«Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы – 4,1. Тереңдігі – 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Тәжікстандағы жер сілкінісі: тербеліс ошағы Алматы мен Шымкентте сезілді