Белсенді оңтүстік циклон мен оған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер бұрынғысынша Қазақстанның бүкіл аумағына өз әсерін тигізеді
Қазгидромет 29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белсенді оңтүстік циклон мен оған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер бұрынғысынша Қазақстанның бүкіл аумағына өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр болады. Найзағай ойнап, солтүстікте, орталықта бұршақ жауып, жел күшейеді, солтүстікте дауыл соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Алматы, Жетісу, Атырау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ болады. Солтүстік-батыстан солтүсті-шығысқа жел ауысады, күші -9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +19+21°С градус болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +21+23°С, күндіз +31+33°С болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +21+23°С, күндіз +35+37°С болады.