|
Aýa raıy
06.02.2019 | 09:28

Бүгін Астана мектептерінде тағы сабақ болмайды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 315, 316, 317 бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады

Үскірік аязға байланысты Астана мектептерінде 0 - 12 сыныптарға сабақ болмайды, деп жазады ҚазАқпарат қалалық ТЖД-не сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Астанадан шығатын жолдардың бәрі жабық.

Дегенмен Astana LRT бүгін таңғы сағат 7-ден бастап №304, 306, 307 қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы қалпына келтірілгенін мәлім етті.

«Сонымен қатар № 301, 302, 303, 320 бағдарлардың қозғалысы жалғасуда. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 315, 316, 317 бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады. Сізден барынша сақ болып, үсіп қалмауларыңызды, өз сапарыңызды алдын ала ойластыруыңызды сұраймыз. Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарлайтын боламыз. Астана қаласының қоғамдық көлігіне қатысты жаңалықтарды Астана LRT facebook, instagram парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан біле аласыздар», - делінген хабарламада.